Индустриялық-инновациялық даму.

12 қазан, 2024

География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының “6В05205- География” БББ 4 курс студенттері мен “7М01505- География” БББ 2 курс  магистранттарына Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 9 мақсаты аясында “Индустриялық-инновациялық даму” тақырыбында дәріс оқылды.

Қазақстан Республикасы дүниежүзінде шикізатқа бай және шикізаттық әлеуеті өте зор мемлекет. Қазіргі әлемде тек шикізатты экспорттау артта қалған мемлекеттердің даму үрдісі. Қазақстан Республикасы тәеуелсіздік алғаннан кейін тек шикізат экспорттап келді, дегенмен соңғы жылдары шикізатты өңдеу саласына басымдық беріп келеді. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына орай өндірісте инновациялық технологияларды пайдалана отырып көптеген салада өңдеуші өндірісті іске қосып, дайын бұйымдарды экспорттауға көштік. Бұл барлық салада байқалуда және нәтижесін көрсетуде.

Студенттер мен магистранттарға еліміздегі өндірістің индустриялық-инновациялық дамуы туралы дәріс оқылып, білім мен ғылымның нәтижесінде соны жоғары дәрежеде дамытатын жастарға үлкен сенім артылатыны және патриоттық тәрбие беріле отырып ел өндірісін дамытуға үлес қосу керек екені түсіндірілді.