ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ-ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДІҢ ТЕҢДІГІ
Қазан айының 3 жұлдызында геодезия және картография білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерімен «Гендерлік саясат-қоғамдық өмірдің теңдігі» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Ашық сабақ мақсаты, студенттерге гендерлік саясаттың мәні, маңызы және қоғамдағы рөлі мен гендерлік теңдіктің қоғамға әсерін түсіндіру.
Гендерлік саясаттың мақсаты — қоғамдағы әйелдер мен ерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерін теңестіру, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және гендерлік зорлық-зомбылықты жою. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру арқылы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізу көзделеді:
- Әлеуметтік әділеттілік: Әйелдер мен ерлердің құқықтары мен міндеттері тең болуы, қоғамда әділеттілік орнату.
- Экономикалық даму: Әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру, кәсіпкерлік мүмкіндіктерін кеңейту арқылы қоғамның экономикалық әлеуетін көтеру.
- Саяси қатысу: Әйелдердің саясатта, қоғамдық өмірде белсенді қатысуын қамтамасыз ету, шешім қабылдау процесіне тарту.
- Білім беру мен ақпараттандыру: Гендерлік теңдік жөніндегі білімді арттыру, қоғамдағы стереотиптер мен гендерлік теңсіздіктерді жою.
- Денсаулық сақтау: Әйелдер мен ерлердің денсаулығына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, гендерлік аспектілерді ескере отырып, медициналық қызмет көрсету.
- Гендерлік зорлық-зомбылықты жою: Гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу және оны жою үшін құқықтық механизмдерді жетілдіру.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру арқылы қоғамдағы теңдік, тұрақтылық және даму деңгейін арттыруға болатынын студенттерге түсіндіру арқылы студенттердің өз ойын ортаға салып кішігірім пікір алмасып, ашық сабағымыз әсерлі өтті.