Еуразиялық телевизия және радио академиясының президентімен кездесу
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да журналистика факультетінің деканы Қанат Әуесбай мен Еуразиялық телевизия және радио академиясының президенті Валерий Рузиннің кездесуі өтті. Кездесудің басты мақсаты – медиа өндіріс саласындағы білім беру мекемелері мен шығармашылық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Қатысушылар бірлесіп жұмыс істеуге қатысты, атап айтқанда халықаралық қоғамдық форумдар өткізудің ұйымдастырушылық аспектілері туралы кең ауқымды мәселелерді талқылады. Тараптар медианың тарихымен, мәдениетімен және дамуымен байланысты өзекті тақырыптарды талқылау үшін толыққанды платформа құру үшін күш біріктіруге дайын екендіктерін білдірді. Келіссөздердің маңызды тармақтарының бірі ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің деректі фильмдер фестиваліне қатысуы болды. «Бұл қадам студенттерге өз жұмыстарын көрсетіп қана қоймай, сала мамандарынан оң тәжірибе алуға мүмкіндік береді», – деді ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің деканы.
Факультет деканы Қанат Әуесбай мен Валерий Рузин сонымен қатар студенттер жетекші сарапшылардан тәжірибелік дағдылар мен білім ала алатын режиссураны оқыту және шеберлік сыныптарын ұйымдастыру мәселелерін қозғады. Бұл бастамалар білім беру сапасын арттыруға және журналистика мен медиа саласында жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған.
Кездесу нәтижесінде ынтымақтастықты дамыту туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді, бұл ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары үшін жаңа мүмкіндіктер аясы. Тараптар бірлескен күш-жігер нәтижесінде өзара іс-қимыл мен жаңа креативті жобалардың туындауына жол ашылатынына сенім білдірді.
Айта кету керек, Валерий Рузин – Еуразия және Африка халықтары Ассамблеясы бас хатшысының орынбасары, Владимир Меньшов атындағы халықаралық деректі фильмдер фестивалінің жетекшісі. Академия жыл сайын «Бірге жеңдік» атты халықаралық деректі фильмдер фестивалін өткізеді. Биыл ол 17-22 қарашада Сочиде 19-шы рет өтеді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі