ҚазҰУ оқытушылары Шарджа конференциясына қатысты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде Шарджадағы араб зерттеулері жөніндегі ІІ халықаралық конференцияға қатысты.
«Еуропадағы және басқа елдердегі араб зерттеулері: шығыстанушылардың араб тілін дамытуға қосқан үлесі» атты ІІ халықаралық конференция Шарджа қаласында (БАӘ) өтті.
Шараға Қазақстан, Италия, Польша, Германия, Испания, Франция, Ресей, Түркия, Австрия, Дания және басқа да әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми ұйымдарының атынан 14 елдің 24 өкілі қатысты.
Негізгі мақсат зерттеуші ғалымдардың халықаралық алаңда бас қосып, тәжірибе алмасу болды.
ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы доцентінің м.а., филология ғылымының кандидаты Фатима Мамедова «Тұрақты даму мақсаттары» (ТДМ) жобасының әріптестігі аясында «Араб тілінің дамуына арабтанушылардың қосқан үлесі» деген тақырыпта баяндама жасады.
Жиын соңында Жоғарғы Кеңестің мүшесі, Шарджа билеушісі және Шарджадағы Араб тілі академиясының жоғарғы президенті, доктор Сұлтан бин Мұхаммед әл-Касими барша конференция қатысушыларына сертификат табыстады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі