25 қазан – Республика күні қарсаңында жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының кураторлары Тилеужанова Г.Т., Амангелдіқызы Н., Габитова В.А., Қасымова К.А., Әуелханқызы М. ұйымдастыруымен «Атамекен – алтын бесік» атты ашық кураторлық сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты тыңдаушылардың Атамекені – Қазақстан, туған жері туралы түсініктерін кеңейту, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, рухани құндылықтарымызды дәріптеу және достық пен ауызбіршілікке үндеу болып табылады. 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміз талай қиын кезеңдер мен жеңіске толы күндерді бастан кешті.
Ашық тәрбие сағатында тыңдаушылармен осы уақытқа дейінгі тарихи оқиғаларға шолу жасалып, мемлекеттік рәміздерімізбен танысты. Еліміздің болашағы – Отанға деген сүйіспеншілкті бойына сіңірген білімді жастарымыздың қолында.