Тұрақты даму бойынша семинар: БҰҰ-ның 17 мақсатын талқылау
15 қазанда Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы ұйымдастырған семинар қоршаған орта мониторингі және тұрақты даму зертханасында өтті. Шараға БҰҰ-ның 17 мақсатын жүзеге асыруға қызығушылық танытқан докторанттар жиналды.
Негізгі баяндамашылар ретінде кафедра меңгерушісі, профессор Т.А. Базарбаева және кафедраның профессор м.а., биология ғылымдарының кандидаты Г.А. Мұқанова сөз сөйледі. Профессор Т.А. Базарбаева тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған стратегиялық бастамаларды таныстырып, аралық пәндік тәсіл мен қоғамның түрлі секторларының қатысуының маңыздылығына назар аударды.
Профессор Г.А. Мұқанова жаңа зерттеулер мен мониторинг әдістерімен бөлісіп, олар мақсатын жүзеге асыруды айтарлықтай жеделдетуге көмектесетінін атап өтті. Семинар қатысушылары жергілікті деңгейдегі нақты әрекеттердің жаһандық өзгерістерге қалай әсер етуі мүмкін екендігі жөнінде белсенді талқылаулар өткізді.
Семинар білім мен практикалық тәжірибемен алмасу алаңы болып, тұрақты болашаққа жетуде топтық күш-жігердің маңыздылығын атап көрсетті. Қатысушылар мұндай шаралардың жалғасуына үміт білдіріп, тұрақты даму саласындағы тиімді шешімдерді тереңдетіп талқылауға шақырды.