Жасанды интеллекттің табыс теңсіздігіне әсері: контент-талдау

17 қазан, 2024

Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасының жетекші ғылыми қызметкері, аға оқытушысы Темербулатова Жансая «Жас Ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылып жатқан AP13268961 «Қазіргі Қазақстандағы табысты бөлудегі теңсіздікке экономикалық өсу сапасының әсері» ғылыми-зерттеу жобасының аясында 2024 жылдың 20-21 наурыз аралығында «Behavioral Robotics and Artificial Intelligence» х алықаралық ғылыми конференциясына (Стокгольм, Швеция) қатысты. Бұл конференцияға қатысу арқылы Тұрақты дамудың 8, 10, 17 мақсаттарының орындалуына өз үлесімізді қостық. Конференцияда «Жасанды интеллекттің табыс теңсіздігіне әсері: контент-талдау» баяндамасы ұсынылды, ол конференция жинағында жарияланады. Баяндамалар, пленарлық отырыстар, семинарлар, симпозиумдар, ауызша және постерлік презентациялар, виртуалды/бейне презентациялар және вебинарлар арқылы конференция университеттер, колледждер, академиктер және әлемнің барлық бұрыштарынан келген ғалымдар арасында пәнішілік және пәнаралық кең логикалық дискурсқа ықпал етті. әлем. Баяндама 2-секцияда ұсынылды. Баяндамадан кейін конференцияның басқа қатысушылары сұрақтар қойып, жасанды интеллекттің табыс теңсіздігіне әсерін талқылады.