Қалибеков Максатпен кездесу сәтті өтті!
18 қазан, 2024
16 қазан күні QBI Analytics компаниясының CEO-сы Қалибеков Максат студенттермен "Бизнеске баға беру әдістері, тәсілдері және қиындықтары" (ТДМ 8, 17) тақырыбында ой бөлісті. Кездесуге Экономика және Цифрлық экономика мамандықтарының студенттері белсенді қатысты.
Студенттер бизнеске баға беру саласындағы әдіс-тәсілдер туралы сұрақтар қойып, спикерден нақты жауаптар алды. Максат Қалибеков өз тәжірибесімен бөлісіп, бизнесті бағалаудың заманауи қиындықтары мен тенденцияларын талқылады. Бұл кездесу болашақ мамандар үшін өте пайдалы болды.
Басқа жаңалықтар
17 қаңтар, 2025
16 қаңтар, 2025
15 қаңтар, 2025