Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Саурықов Ерболат Байұзақұлының көшбасшылық дәрісі

18 қазан, 2024

   

   2024 жылдың 17 қазанында «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы» кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор С.Ж. Сүлейменованың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі Саурықов Ерболат Байұзақұлымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына және Республика күні арналған онлайн кездесу өтті.    

    Кездесу барысында спикер мемлекет Басшысының 2024 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламентінің алдына қойған міндеттерін жүзеге асыруға ерекше тоқталды. Мәжілістегі бірқатар жаңа заң жобаларын қарап, талқылау болып отырғандығын және сол заңнамаларды қабылдау қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ депутат мемлекетіміздің сыртқы саясатының орталық, негізгі бағыты оның қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті. Ал ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекет тәуелсіздігінің кепілі, қоғамның тұрақтылығы мен тиімді жұмыс істеуінің таптырмас шарты ретінде еліміздің маңызды басымдықтары саласына жатады.