- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Zhastarmen" жобасы: Студенттік белсенділік және Алматыдағы құқық бұзушылықтардың алдын алу
"Zhastarmen" жобасы: Студенттік белсенділік және Алматыдағы құқық бұзушылықтардың алдын алу
Алматы қаласының прокуратурасы студенттердің қатысуымен құқықбұзушылықтың алдын-алуға бағытталған«Zhastarmen» авторлық жобасын іске асыруда. Алмалы ауданы прокуратурасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің өте белсенді болғанын атап өтеді. Оларға үлкен алғыс білдіреді! Бұл студенттер ұпайлары бар белсенді қатысушылардың тізіміне енді. Аудан прокуратурасының ғимаратында аудан прокуроры мен ауданның Әкімі «Жастар» каналының құқық бұзушылықтардың алдын алуға ат салысқан белсенді студенттерге алғыс жариялап, театр қойылымдарына билеттер беру арқылы марапаттады.
Аудан прокуратурасы «Жастар»каналының белсенді қатысушыларымен және полиция қызметкерлерімен бірлесіп алкоголь өнімін заңсыз өткізу және басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілген. «Жастар» жобасы іске қосылған сәттен бастап белсенді студенттермен және полиция қызметкерлерімен бірлесіп, құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар, патрульдеу, саябақ аймақтарына және басқа да қоғамдық орындарға бару жүргізілді. Белсенді студенттердің арқасында түрлі құқық бұзушылықтар үшін 452 әкімшілік хаттама толтырылды, оның ішінде 5 дүкен иелеріне және мекеме басшыларына қатысты (ӘҚБтК 440 – бабы бойынша – 215 хаттама, 441 – бабы бойынша – 189 хаттама, 450-бабы бойынша-34 хаттама, 200-бабы бойынша-14 хаттама).
Прокуратураның «Zhastarmen» жобасыаясында рейдтік іс-шаралар жалғасуда.
Алматы қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-lmaty/press/news/details/848986?lang=kk