- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» атты архившілердің ІІ конгресі
«Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» атты архившілердің ІІ конгресі
Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде №17. Тұрақты даму үшін серіктестік
II Архившілер Конгресінің салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың форумға қатысушыларға жолдауымен басталды. Жолдауда Конгрестің идеялар мен тәжірибе алмасудың, архив ісі саласындағы жаңа зерттеу тәсілдерін іздеудің келешегі зор диалог алаңы ретінде өзін табысты көрсеткені атап өтілді. Сонымен қатар, Конгрестің мұра институттарының қазіргі қоғамдағы орны және олардың БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі рөлі туралы өзекті мәселелерді қамтитын бай бағдарламасы атап өтілді.
Ашылу рәсімі 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған Қазақстан-Британ техникалық университетінің тарихи Тәуелсіздік залында өтті.
Конгреске құрметті қонақтар: Президент Әкімшілігінің Бас бөлімінің меңгерушісі Н.Т. Төлеев, БҰҰ-ның Қазақстандағы жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек, Түркия Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік мұрағаттар басқармасының директоры Мұхаммет Ахмет Тоқдемир құттықтау сөздерін арнады.
ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Тауфик Джеласси мен АҚШ Ұлттық мұрағаттар және құжаттама басқармасының зерттеу қызметінің атқарушы директоры Крис Нейлор Конгресс қатысушыларына бейнеүндеу жолдады.
Қазақстан Республикасының Мұрағатының директоры Ә.Х. Мұстафина жалпы архив ісін дамытудың негізгі бағыттарын айқындап, архивтік тәжірибелер мен мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Конгресс қатысушыларын ҚР Президентінің Мұрағатын 2035 жылға дейін дамыту тұжырымдамасымен таныстырды.
Конгрестің жалпы отырысындағы тағы бір маңызды баяндаманы Халықаралық мұрағаттар кеңесінің (ICA) Ұлттық архившілер форумының президенті және Суринам Ұлттық мұрағатының директоры Рита Тьен Фу жасады. ICA-ның Конгрестегі ресми өкілі ретінде Рита Тьен Фу соңғы жылдары климаттың өзгеруінен зардап шеккен мүшелеріне қолдау көрсетудегі ұйымның рөлі туралы айтып берді. Ол жыл сайын климаттық қауіп-қатерлерден зардап шегетін Кариб бассейні аймағы үшін ICA әзірлеген стратегияға тоқталды.
Конгресті ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, атап айтқанда, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының оқытушылары мен студенттері.
Жауаптылар Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының профессоры Р.С.Мырзабекова, Н.К.Алпысбаева, Г.С.Жугенбаева, Б.Е.Нурпеисова, Г.Е.Сабденова