Шығыстану факультетінің профессоры симпозиумға қатысты
Шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының меңгерушісі профессор Нәбижан Мұқаметханұлы ҚХР мәдениет министрлігі мен Қоғамдық ғылымдар академиясының шақыруымен, 2015 жылы қазанның 25-31 күндері Бейжің қаласында "Қытайтану және қазіргі заманғы Қытай 2015 " (Symposium on China Studies 2015) тақырыбында өткізген халықаралық симпозиумға қатысып, "Қазақстандықтардың қабылдауындағы Қытай образының эволюциясы (ХҮІІІ ғ. ортасы - ХХІ ғасырдың басы)" деген тақырыпта баяндама жасап қайтты.
Симпозиумға бүкіл әлемнен санаулы ғана қытайтанушы ғалымдар шақырылған.
Конференция "Қытайдың халықаралық образы және халықаралық қатынастары", "Бір белдеу бір жол" стратегиясы және аймақтық қатынастары", "Тарих және өнер", "Әдебиет және аударма" сынды төрт тақырып бойынша өрістеді. Конференция баяндама жасау және пікірталас жүргізу формасында өтті. Қатысушылар өте белсенді түрде баяндамалар жасап, жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты қызу пікірталас ұйымдастырды.
Профессор Нәбижан Мұқаметханұлының жасаған баяндамасы, ортаға қойған пікірі мен көзқарастары шартараптан жиналған әріптестерінің назарын аударды. Ғалым бұл конференция арқылы әлем елдерінің қытайтану ғылымын зерттеу жағдайы мен даму бағыттарынан хабардар болып, дүниенің төрт бұрышынан келген ғалымдармен байланыс орнатып қайтқанын айтады.
Бұл конференцияға қажетті қаржының барлығын Қытай тарапы өз мойнына алған.