Жасанды интеллект жағдайында білім берудің тұрақты даму стратегиялары

16 қазан, 2024

Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде №4. Сапалы білім
2024 жылдың 16 қазанында факультеттің 420 аудиториясында "Жасанды интеллект жағдайында білім берудің тұрақты даму стратегиялары" тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шараға дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Дәрісті профессор Нұрбекова Жанат Құнапияновна және кафедра доценті Түйенбаева Кәлима Төлеубаевна оқыды. Олар жасанды интеллект технологиясын білім беру үдерісіне енгізудің негізгі аспектілері мен жаңа технологиялар жағдайында білім берудің тұрақты даму стратегияларын қарастырды.

Дәріс барысында студенттер мен оқытушылар лекторларға сұрақтар қойып, жасанды интеллект тақырыбына қызығушылық танытты.

Ұйымдастырушы Дүниежүзі тарихы тарихнама және деректану кафедрасының доценті Туенбаева К.Т.