Тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының бағытын жүзеге асыру бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Тарих факультетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты З.Майданәлі, «7М02210-Тарих» мамандығының 2 курс магистранттары Серік Дінмұхаммед пен Оспан Азамат 2024 жылдың 8-ші қазан күні «Қазақстан жастары: ел болашағы» атты тақырыпта Сандық архивтану және құжаттану мамандығының 1 курс студентеріне іс-шара өткізді. Елдің болашағы – жастардың қолында, сол себепті бұл іс-шараның маңызы ерекше. Шара барысында Қазақстан жастарының әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси дамуындағы рөліне арналған негізгі аспектілерді қарастырылды.
Іс-шара барысында, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, білім мен ғылым саласындағы жетістіктер, жастарға арналған мемлекеттік гранттар мен бағдарламалар, сондай-ақ мәдениетімізді дамытуға бағытталған жобалар талқыланды. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушы студенттерден өздерінің көсқарастарының барын, өз идеяларын ортаға салып еліміздің дамуына өз үлестерін қосу жолындағы алға қойған мақсаттары, ынталары көрінді. Жас буын өкілдерін болашақта қандай жерде, қандай қызметті істеседе жауапкершілікке, бірлік пен адамгершілкке шақыратын ұжымдық ойындар ойнатылды.
Жас буынның белсенділігі, патриотизмі мен жауапкершілігі – біздің еліміздің жарқын болашағының негізі екенін ұмытпағанымыз жөн.