ТДМ 4. Сапалы білім беру

14 қазан, 2024

Жылу физикасы және техникалық физика кафедрасының аға оқытушысы Айжан Олжабекқызы Нұғыманова "500 ғалым" ғылыми тағылымдамалар бағдарламасы аясында 2023 жылғы 2 қазан мен 2024 жылғы 30 қыркүйек аралығында Мюнхен техникалық университетінде (Мюнхен, Германия) тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама барысында А. О. Нұғыманова келесі жұмыс түрлерін орындады: химиялық кинетикамен, термодинамикамен және тасымалдау процестерімен байланысты мәселелерді шешу үшін бағдарламалық құралдардағы реакторлар қондырғыларын модельдеу; химиялық кинетиканың жеңілдетілген тетіктерін жасау үшін реакция механизмдерінің генераторын пайдалану.