«Темекі тартқаның - өзіңді құртқаның»
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының кураторларының ұйымдастыруымен «Темекі тартқаның - өзіңді құртқаның» атты ТДМ 3 аясында іс-шара өткізілді.
Тақырыбы: «Темекі тартқаның - өзіңді құртқаның» тақырыбында адам баласына өте қауіп төндіретін зиянды зат - темекі туралы салмақты ой қозғалмақ. Сонымен адам өмірге темекі тартушы болып келмейді екен, өсе келе жаман әдетке үйір болудан, өз ісіне мән бермеуден, темекі дәмін татып көріп, қалай темекіге тәуелді болғанын байқамай қалып, денсаулығынан айрылып жатады. Осыны ескере отырып тыңдаушыларды темекегі тәуелді болудан сақтау, оның адам өміріне қауіпті екенін ескерту.
Мақсаты: Университет қабырғасында білім алфп жүрген тыңдаушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету.