"Бухгалтерлер күніне" арналған қонақ дәріс

18 қазан, 2024

2024 жылдың 18 қазанда «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушылары Б.Б. Султанова, Ж.З. Оралбаева, Ж.А. Асқарова және «Аудит және бақылау» БББ 1-курс докторанты А.А.и Аманкелдінің ұйымдастыруымен «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының қазақ және орыс бөлімінің 4-курс студенттеріне «Кәсіби бухгалтерлер альянсы» Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының Бірінші басшысы Ожанова Жанар Жанелқызы қонақ дәрісін өткізді.  Бұл іс-шараның мақсаты: ТДМ 4 «Сапалы білім», ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», ТДМ 17 «Тұрақты даму үшін серіктестік» шеңберінде «Цифрлық экономика жағдайындағы бухгалтерлік есеп - мамандықтың болашағы» тақырыбында кәсіби спикердің пікірін білу.

Спикер студенттерге қазіргі бизнесте бухгалтерлерге қойылатын талаптар барған сайын артып келетіндігін және сонымен бірге мамандардың біліктілігін арттыру қажеттілігі нормативтік базадағы және заңнама талаптарындағы өзгерістерден туындап отырғандығын толықтай баяндап өтті.