ТДМ 4. Сапалы білім беру

16 қазан, 2024

Қазан айының 15 күні  әл-Фараби атындағы №46 орта мектеп директоры Сұлтан Данашұлының мен жылуфизика және техникалық физика кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.д.  Салтанат Алихановнаның бастамасымен 10 «Б» сынып оқушылары  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитетіне келді. Бұл шара оқушыларға мамандық таңдауға кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды. Оқушыларды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражай экскурсоводы, Касымова Базаркуль Айтпаевна  қарсы алып, мұражай қорындағы жәдігерлермен таныстырды. Оқушылар мұражайды таң қалумен тамашалап шығып, мамандық бойынша толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Келесі қадам кітапханаға бағытталды. Бұл жақта оқушыларды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасының директоры Жадыра Айдынғалиқызы және өз ісінің маманы бас кітапханашы-менеджері Асанова Айсұлу Бейбітқызы қарсы алды. Алматы қаласының ең көрікті аудандарының бірінде орналасқан және «ҚазҰУ қалашығы» деген атпен танымал университет қалашығында салынған кітапхананың жалпы ауданы 17 856,6 м2.  Оқушылар 2 сағат уақыттарын бөліп кітапхананың «Мәңгілік ел» триптихы, «Алаш Арыстары» экспозициясы, «Ұлы дала жеті қыры» экспозициясы, электронды кітапхана залы, абономент, классикалық оқу залдары, сирек кездесетін кітаптар залы, конференц-залдар және кітап сақтау қорымен танысып шықты. Кітапхананың барлық бөлімдері, жаңа технологиямен қамтамасыз етілгендігі, студенттерге қолжетімділі мен оқырмандарға жасалған жағдайы оқушылардың қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар «Samsung innovation», «Керемет» орталықтары мен «Спорт кешенін»  аралады.

 Оқушылар мамандық таңдауға кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған экскурсиядан тамаша әсер алғандарын жасыра алмады.