Словакия Республикасының Ұлттық стипендия бағдарламасының жеңімпазы Тұрақты даму мақсаты: 4 - оқу сапасы

14 қазан, 2024

Студенттердің, докторанттардың, университет оқытушыларының, зерттеушілер мен  өнертанушылардың академиялық ұтқырылығын  қолдауға бағытталған  Словакия Республикасының Ұлттық стипендия бағдарламасына физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының 4-курс студенті Мақсотов Жалғас ( ғылыми жетекшісі, проф. Аубакиров Е.А.) қатысып, аталған бағдарламаның стипендианты атанды.  Қазіргі уақытта Жалғас Братиславадағы Словакия техникалық университетінің  Химиялық және тағам технологиясы факультетінде  білімін  жалғастыруда. Аталған оқу орынында Мақсотов Жалғас басқа шетелдік студенттермен ортақ тіл табысып, химиялық өндірістің технологиясын заманауи тұрғыда білімін толықтырып, жақсы жабдықталған оқу зертханасында жүзеге асыруда.

  Физикалық химия, катализ және мұнайхимия кафедрасының доцент м.а. Канапиева Ф.М.