- Басты бет
- Жаңалықтар
- Профессор Ненад Младеновичтің «Метаэвристикалық оңтайландыру әдістері» курсы бойынша дәрісін тыңдауға шақырамыз
Профессор Ненад Младеновичтің «Метаэвристикалық оңтайландыру әдістері» курсы бойынша дәрісін тыңдауға шақырамыз
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасы 16 қарашадан 27 қараша аралығында өтетін әлемдік деңгейдегі ғалым, оңтайландыру есептерін шешу үшін тиімді эвристикалық әдістің авторы, франциялық профессор Ненад Младеновичтің «Метаэвристикалық оңтайландыру әдістері» курсы бойынша дәрісін тыңдауға шақырады.
Профессор Н.Младенович Францияның, Ұлыбританияның, Канаданың, Белгияның, Сербияның жетекші ғылыми мекемелерінде ғылыми зерттеулермен шұғылданады. Профессор Н.Младенович Еуропалық Ғылым Академиясының мүшесі, Сербия елінің Ғылым Академиясының мүшесі, өндірістік және қолданбалы математика Югославиялық ұйымының президенті, сонымен қатар көптеген жетекші журналдар мен баспалардың редакция алқасының мүшесі болып табылады. Журналдарда және конференция материалдарындағы 200 астам ғылыми жұмыстарының авторы. (Хирш индексі = 40).
Өтетін орны: Механика-математика факультеті, 412 ауд.
Өтетін уақыты: 10.00-13.00 (дүйсенбі-жұма)
Келем деушілерге есік ашық!
Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасы