ТДМ 15 аясында өткізілген қалалық сенбілік
АЛМАТЫ қаласы әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Алтын күз» атты науқанын қолдауда ТДМ аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының кураторлары және тыңдаушылары СЕНБІЛІКТЕ.
Сенбіліктің негізгі мақсаты – ТДМ аясында Алматы жастардың борышы ретінде қоршаған ортамызды ластанудан сақтап, көрікті қаламыз әсем Алматынының табиғи сұлулығын одан әрі көркейте білу. Сондай-ақ көгалдандыру, ағаш отырғызу, аумақты абаттандыру және қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру болып табылады.
Жергілікті жердің тазалық жұмыстарына барлық топ кураторлары мен тыңдаушылары қатысып, әрбір ұжым топқа бөлінген аумақтарда 1500 мың түп ағашын отырғызу жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Атамекенге деген сүйіспеншілігі мол шетелден келген тыңдаушылар өз қолдарымен абаттандыру жұмысына белсене ат салысып қызу түрде жұмыстар атқарды.
Абаттандыру жұмысы аяқталғаннан кейін білім ордасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ келген студенттеріге ыстық тамақ ұсынып, өнер жұлдыздарының орындауында сахналық ән шашу орындалды.