Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына саяхат

20 қазан, 2024

 «Бүкіл әлем – театр, ал ондағы адамдар–  актер», - деп У.Шекспир айтқандай. Бұл өмірде әрқайсымыз белгілі бір рөл ойнаймыз.                                                   Театр ойын-сауықтың ең көне түрі болып саналады.  «Театр» сөзі ежелгі гректің theatron (θέατρον) сөзінен шыққан, «олар қарайтын орын» дегенді білдіреді. Дәстүр бойынша театрда ең танымал екі жанр – комедия және трагедия ойналады, олардың символы театр маскасы саналды. Бүгін жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры тарихымен танысып сондай-ақ,  "Шағала" қойылымын тамашалады. 
Автор А. П. Чехов. 
Қоюшы режиссёр
Е. Нұрсұлтан
Қоюшы суретші
Шота Багалишвили