Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) "Сапалы білім беру" және "Тұрақты даму үшін серіктестік" тармақтары аясында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Арабтану бөлімінің оқытушы-профессорлары ИСЕСКО (Морокко) Халықаралық ұйымы ұйымдастырған семинарға қатысты

21 қазан, 2024

 

2024 жылдың 17-қазаны күні араб тілі оқытушыларына арналған дәстүрлі "Үздіксіз білім беру және біліктілікті арттыру" бағдарламасы аясында кезекті семинар басталды.

Аталған семинар араб тілін оқытудың сапасын арттыру және оқытушылардың кәсіби деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біліктілік арттыру семинарына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Арабтану бөлімінің және Малайзия, Индонезия, Ресей, Өзбекстан, Вьетнам ЖОО  оқытушы-профессорлары қатысты.

Семинар оқытушыларға араб тілін оқытудағы жаңа әдістер мен технологияларды меңгеруге мүмкіндік береді. Семинар барысында қатысушылар  заманауи педагогикалық тәсілдерді талқылап, оқыту процесінде кездесетін қиындықтар мен оларды шешудің тиімді жолдарын қарастырады. Оқыту процесінде цифрлық құралдар мен инновациялық әдістемелерді пайдалану арқылы студенттердің араб тілін меңгеру деңгейін жақсарту да басты тақырыптардың бірі болмақ.

Бұл шара онлайн форматта БҰҰ-ның «Сапалы білім» тұрақты даму мақсаты аясында ұйымдастырылып отыр. Іс-шараның онлайн форматы әртүрлі елдерден қатысушылардың өзара еркін байланысып, пікір алмасуына жол ашты. Сондай-ақ, бұл әдіс қатысушыларға уақыт пен географиялық шектеулерді елемей, білім алуға мүмкіндік береді. Семинар 2025 жылдың мамыр айының соңына дейін жалғасады.