"Сапалы білім – саналы ұрпақ" тақырыбында ашық кураторлық сағаты өткізілді.
2024 жылдың 16 қазанында Жерге орналастыру мамандығының 3 курс студенттерімен "Сапалы білім – саналы ұрпақ" тақырыбында ашық кураторлық сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – білім алушыларға сапалы білімнің қоғамның тұрақты дамуының негізгі факторы ретіндегі маңыздылығын түсіндіру, білімнің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық әл-ауқатпен өзара байланысын көрсету, сондай-ақ жаһандық мәселелерді шешу мен жеке білім алу үдерісіне белсенді қатысуға ынталандыру.
Іс-шара барысында студенттер өз ойларын ашық білдіріп, өзекті тақырыптарды талқылап, білімнің өмірдегі маңыздылығын ұғынды. Топ студенттері білім беру саласындағы әртүрлі бағдарламаларды талдап, сөз өрбітті.
Студенттер әртүрлі тапсырмалар арқылы білімнің адамды жан-жақты дамытудағы рөлін талдап, сапалы білімге қол жеткізудің қоғам дамуына қосар үлесін түсінді. Сабақ соңында сапалы білімнің болашаққа бастар жол екенін мойындап, өздерінің қоғамдағы рөлін бағамдады.
Бұл ашық сабақ жастардың білімге деген құштарлығын арттырып, оларды саналы ұрпақ болуға шабыттандырды.