«Мен денсаулықты таңдаймын! Ал сен ше?»
2024 жылдың 18 қазанында ТДМ 3 аясында «Мен денсаулықты таңдаймын! Ал сен ше?» тақырыбына арналған тәрбие сағаты өтті. Бұл шараға «Менеджмент» кафедрасының 1 және 2 курстарының шетелдік студенттері (Ауғанстан мен Қытай өкілдері) қатысты. Тәрбие сағаты интерактивті форматта өтті.
Жуламанова Динара Болатовна студенттерді қазақұлтының дәстүрлері мен мәдениетіментаныстырды. Тәрбие сағаты барысында күнделікті өмірде, отбасында салауатты өмір салты негізінде ұлтымызға тиесілі дәстүрлер мен мәдениет арқылы дұрыс тамақтану, спорттық, зияткерлік ойындар көмегімен менталды, физикалық денсаулығымызды нығайты алу мүмкіндігі туралы айтылды.
Сондай-ақ Қытай елінің студенттері Чен Сии мен Чжан Фэйи, Ауғанстан өкілі Бехишта Амирибаяндама жасады. Кураторлық сағаттың соңында шетелдік қонақтар атақты бауырсақтың дәмін татты.