Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Шығыс-Қытай Цзяотун университетінің вице-президенті Ян Дэмин бастаған делегация жұмыс сапарымен келді.
Құрметті қонақтармен Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор Еркін Дүйсенов кездесіп, өзара пікір алмасты.
Тараптар жүздесуде екіжақты қатынастардың перспективті бағыттарына айрықша мән берді.
Сонымен қатар білікті мамандарды бірлесіп даярлауға, академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыруға, ғалымдардың ортақ ізденістерін арттыру бойынша әріптестікті жалғастыруға уағдаласты. Бұдан бөлек, бірлескен халықаралық конференциялар мен симпозиумдар өткізу жөнінде ұсыныстар жасалды.
Келіссөз барысында проректор Еркін Дүйсенов делегация мүшелеріне ҚазҰУ-дың жетістіктерін айтып, ғылыми инфрақұрылымымен таныстырды.
Өз кезегінде Ян Дэмин ілтипат білдіргені үшін ЖОО басшылығына алғысын білдіріп, Шығыс-Қытай Цзяотун университеті мен ҚазҰУ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға ниетті екенін жеткізді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі