Универсиаданың сөзсіз жеңімпазы
Шараны ҚР Білім және ғылым министрлігінің дене шынықтыру ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырды.
Іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрлігінің дене шынықтыру ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Бауыржан Рамазанов, ұлттық университеттердің спорт клуб өкілдері мен кафедра меңгерушілері қатысты.
Республикалық жазғы Универсиада еліміздің 9 жоғары оқу орнының спорт кешендерінде өтті. Жарысқа қатысушылардың жалпы саны 430 мыңнан асты. Финалға еліміздің 56 ЖОО 5770 спортшы қатысты. Жарыс қорытындысында 516 медаль табысталды.
ҚазҰУ студенттері спорттың 28 түрінен жалпы есепте 15 балл жинап Универсиаданың сөзсіз жеңімпазы атанды. Бірінші орынды Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ алса, екінші және үшінші орынды М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ мен М.Х.Дулати атындағы ТарМУ өзара бөлісті.
Қысқы Спартакиадаға балалар мен жасөспірімдер арасындағы түрлі жарыстарға Қазақстанның білім ошақтарынан миллионнан астам оқушы қатысты. Жарыс қорытындысы ретінде бір оқушыға халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 67 қатысушыға спорт шебері және 1100-ден астам спорт шеберіне үміткер атағы табысталды.
Жарыс қорытындысы бойынша медальді көбірек иемденген Шығыс Қазақстан облысы жеңімпаз атанды. Ал Солтүстік Қазақстан облысы 2-орынға, Ақмола облысы 3-орынды иемденді.