"Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел" тақырыбында кураторлық сағат
25 қазан - Республика күніне орай 21.10.24 күні Экономика және бизнес жоғары мектебі “Қаржы және есеп” кафедрасының аға оқытушысы Г.И. Супугалиеваның ұйымдастыруымен 4- курс студенттерімен "Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел" тақырыбында кураторлық сағат өтті. Бұл іс шараның мақсаты ТДМ 4 «Сапалы білім», ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» және Президент Қ.К.Тоқаевтың 2024 жылғы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасына сәйкес «жалпыұлттық құндылықтарды студент жастармен жұмыс істеуге ықпалдастыру» мақсатында 25 қазан – Республика күні, еліміз үшін маңызды күнді ұлықтау болатын. Дәл осы күні 1990 жылы ел егемендігі туралы декларация қабылданды. Аталған құжат Қазақстан тәуелсіздігінің іргетасы болды. Республика күні - азаматтық келісім мен ұлттық бірлесудің, елдің бүгіні мен ертеңі үшін ортақ жауапкершіліктің мерекесі. Қазақстанның басты тірегі - бірлік пен келісім.
Іс-шара Қазақстан Республикасының ән ұранын орындаумен басталды. Іс-шарада студенттерге, болашақ ұрпаққа тәуелсіздіктің құндылығы, ұлттық рух туралы талқыланды. Бұл кураторлық сағатта студенттер қабылданған Декларация ел дамуына тигізген әсері туралы білім алды, сондай-ақ патриоттық құндылықтарды бойларына сіңірді. Кураторлық сағатта Нұрғиса Тілендиевтің “Әлқисса” күйі тартылып, патриоттық өлеңдер оқылды. Баршамызды ұлттық мерекені құрметтеп, оған белсенді қатысуға шақырамыз. Бұл еліміздің болашағы үшін маңызды қадам. Бүгінде біз Қазақстанның саяси және экономикалық салалардағы, сондай-ақ оның әлемдік аренадағы жетістіктерін мақтанышпен атап өтеміз. Осы атаулы күні Отанымыз - Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз, халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі біздің мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын.