Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндет
12 қазан, 2024
Тұрақты дамудың №3 мақсаты «Салауатты өмір салты және игілік» аясында «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндет» ұранымен студенттер көкке шықты.
Экологиялық мәселелерді шешу жолында Археология, этнология және музеология кафедрасының 2 курс студенттерімен, табиғаттың маңыздылығын терең түсіну мақсатында тауға шығып, таза ауамен демалып қайттық. Бұл серуеннің басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сезіну және экологиялық жауапкершілікке мән беру. Таза ауада демалып, табиғаттың әсем көріністерін тамашалау арқылы біз экологияның адам өміріне қаншалықты әсер ететінін түсіндік. Мұндай іс-шаралар студенттерді табиғатты қорғауға, экологиялық сауатты болуға шақырудың тамаша тәсілі деп білеміз.
Ұйымдастырушы: Б. Рысбек
Басқа жаңалықтар
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024