Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдумды саралау

30 қыркүйек, 2024

Тұрақты дамудың №7 мақсаты «Қолжетімді және экологиялық таза энергия» аясында атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдумды саралау өтті.

"Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдумды саралау" тақырыбында Археология, этнология және музеология кафедрасының 2 курс студенттерімен кураторлық сағат өтті. Сағат барысында студенттерге АЭС салудың экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілері түсіндірілді. Сонымен қатар, референдумның ел болашағы үшін маңыздылығы, халықтың пікірі мен көзқарасының мемлекеттік шешім қабылдау үдерісіне ықпалы жан-жақты талқыланды.

Ұйымдастырушы: Б. Рысбек