Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы жанынан шыққан жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті

19 қараша, 2015

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының "Көрме залында» Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы жанынан шыққан жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті.

Оқырман қауымға Наиб муфти Серікбай қажы Ораздың "Тәпсір тұнығы" кітабы, ҚМДБ редакциялық алқасы бірігіп шығарған "Дін - насихат" және "Жұма уағызы" (дін қызметкерлері үшін оқу-әдістемелік құрал), дінтанушы ғалым Асылбек Әуезханұлының "Жанұя жарасымы" атты кітаптары кеңінен таныстырылды.

Рухани маңызы зор бұл шараға Наиб муфти Серікбай қажы Ораз, «Президент және Халық» газетінің Бас редакторы Марат Тоқашбаев, ҚазҰҮдың профессоры Жақан Молдабеков, дінтанушы, Ph.D докторы Алау Әділбаев, ҚМДБ өкілдері, имамдар, БАҚ өкілдері сондай-ақ “ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап” жобасы аясында мәдениеттану және дінтану кафедрасының «Дінтану» мен «Исламтану» мамандықтары бойынша PhD докторанттары мен студенттері қатысты.

Кітаптар шараға қатысқан қонақтар мен медресе шәкірттеріне және Ұлттық кітапханаға сыйға тартылды.