- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Жаһандық сын-қатерлер жағдайында дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау» тақырыбында өткен конференция
«Жаһандық сын-қатерлер жағдайында дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау» тақырыбында өткен конференция
2024 жылғы 6 қазан мен 12 қазан аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушысы Тунгатова Ұлжан Асқарбайқызы «Орта және арнаулы орта білім беру ұйымдарында толеранттылықты қалыптастырудағы дінтанулық білім берудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері» тақырыбындағы АП22685041 гранттық «Жас Ғалым» жобасы аясында Қазан және Болгар қалаларында іс-сапарда болды.
Сапар барысында Қазан федералдық Еділ өңірі университетінің оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушыларымен кездесу өткізілді. Сонымен қатар «Ресей мұсылмандарының теологиялық мұрасы» VI болгар форумы аясында «Жаһандық сын-қатерлер жағдайында дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау» тақырыбында өткен конференцияға қатысты. Конференция бағдарламасы бойынша спикерлердің барлық баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ ұсынылған тақырып бойынша баяндама жасалды. Айтылған тақырып бойынша әртүрлі елдердің өкілдерімен байланыс орнатылды. Қатысу сертификаты және зерттеу тақырыбы бойынша кітаптар алынды.