СТУДЕНТТЕР ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАУ КЕШІ
ДМ-4 аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің бас ғимаратының алдында FARABI АЛЛЕЯСЫНДА 1-курс студенттерін «Студенттер қатарына қабылдау» кеші өтті. Кешті Басқарма төрағасы-Ректор Жансейіт Қансейітұлы ТҮЙМЕБАЕВ ашты. Бірінші курсқа қабылданған студенттерге оқуларын озат оқып, студенттік өмірлерін қызыққа толы өтуіне өз тілегін білдірді. Біздің университетте 16 факультет бар, осы факультеттердегі мамандықтарға биылғы жылы бірінші курсқа 6 мыңнан астам студент оқуға қабылданды. Соның ішінде 550 студент заң факультетіне 1 курсқа оқуға түсті.
Университетіміздегі ең беделді факультеттердің бірі - 70 жылдық тарихы бар заң факультеті. Заң факультетінің 1-курс 123 эдвайзерлік тобыммен керемет кештің куәсі болдық. Студенттер қатарына қабылдау кешін ұйымдастырған университет башылығына өз алғысымызды білдіреміз.
Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы 123 топ эдвайзері С.М. Жапаков