Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде №3. Салауатты өмір салты және әл ауқат
15.10.2024 жылы сағат 15.00-де 404 аудиторияда «Тарих», «Тарих шет тілін білумен» 1 курс студенттері және дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының эдвайзері Г.С. Беделова ұйымдастырған «Темекі шегуге қарсымыз!» акциясы өтті.
Акцияның мақсаты: Студенттердің темекі шегуге деген көзқарасын тыңдау, темекі шегудің себептерін анықтау, сондай-ақ темекі шегетін студенттерге темекіні тастау жолдарын ұсыну.
Іс-шара барысында студенттерге темекі шегу туралы сұрақтар қойылды, темекі шегетін студенттерге темекі шегудің салдары түсіндіріліп, темекіні тастау бойынша әртүрлі кеңестер берілді.
Жауапты Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының доценті Беделова Г.С.