ТДМ 10. Теңсіздікті қысқарту

22 қазан, 2024

2024 жылдың 18 қазан күні, №15 Студенттер үйінде Физика техникалық факультетінің электроника  және астрофизика кафедрасының 1-курс студенттері мен аға оқытушысы Момынов С.Б. ұйымдастыруымен «Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта. Заманауи тәсілдер мен шешімдер» тақырыбында іс- шара ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: Студенттерге мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру және  олардың қоғамдағы орны мен құқықтарын түсіндіру.

Дөңгелек үстел  барысы: Топтарда мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету бойынша ұсыныстар мен идеялар талқыланды.

 Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары мен қолжетімділік туралы білімдерін тексеру үшін қызықты сұрақтармен квиз ұйымдастырылды.

 Студенттер өз ойларымен бөлісіп, пікірталас өткізіп, әр түрлі пікірлерді талқылады. « Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді орта » атты плакатты қорғап, өз білімдерімен бөлісті. Дөңгелек барысында студенттер мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған шешімдер мен жаңа тәсілдер туралы көп мәлімет алды. Олар тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы бір-бірімен ынтымақтастықта болып, қоғамдағы инклюзияның маңыздылығын тереңірек түсінді.