- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жапонтану бөлімінің студенттері «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру» ТДМ аясындағы іс-шараға қатысты
Жапонтану бөлімінің студенттері «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру» ТДМ аясындағы іс-шараға қатысты
2024 жылдың 18 қазанында жапонтану бөлімінің 3 курс студенттері эдвайзері М.Т. Шадаевамен бірге Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына "Ақ кеме" қойылымын көруге барды.
Бұл іс-шара Тұрақты Даму Мақсаттары-3 шеңберінде жүзеге асырылып, студенттердің мәдени құндылықтарын арттыру мен рухани дамуын қолдауды мақсат етеді. "Ақ кеме" қойылымы жастарға салауатты өмір салтының маңыздылығын түсіндіріп, олардың психологиялық әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі.
Студенттер қойылымнан алған әсерін бөлісіп, театр өнерінің білім мен тәрбиедегі рөлі туралы пікір алмасты. Бұл шара жастардың мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттыруда үлкен маңызға ие.
Біз студенттеріміздің рухани байлығын, мәдениетке деген сүйіспеншілігін дамытуға бағытталған осындай шараларды жалғастыруды жоспарлап отырмыз.