«МӘҢГІЛІК ЖАСА, ҚЫРАН ЕЛІМ - ҚАЗАҚСТАНЫМ!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

2024 жылғы 23 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заң факультеті кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі Республика күніне, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдық мерейтойына орай және БҰҰ ТДМ-16 аясында «Мәңгілік жаса, қыран елім - Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Бұл іс-шара Республика күнін атап өту арқылы жастар арасында патриотизмді, ұлттық бірлікті және ел тарихына деген құрметті арттыруға, сондай-ақ, мәдени құндылықтарды насихаттау арқылы жастардың отаншылдық сезімін тереңдету мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасының орынбасары-Бірінші проректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Дүйсенов Еркін Эрманұлы ашып берді. Сонымен бірге заң ғылымдарының докторы, профессор Алимбеков Мұсабек Тұрғынбекұлы, заң факультетінің деканы заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ахатов Уалихан Ақыпбекұлы, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі заң ғылымдарының докторы, профессор Куаналиева Гульдана Амангельдиевна құттықтау сөздерін сөйледі.
Іс-шарада қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары Алтынбек Тәшімбетов және Әзімбек Байлин өнер көрсетті. Мерекелік кеш ажарын заң факультетінің студенттері шырқаған әуезді ән, күмбірлеген күй аша түсті. Кеш өте жоғары деңгейде өтіп, кеш соңында заң факультетінің 3 курс студенттері іс-шараның сәтті өтуіне ықпал еткен кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессор-оқытушылық құрамына, кафедра меңгерушісі Куаналиева Гульдана Амангельдиевнаға, ұйымдастырушы ұстаз Есекеева Айнаш Әкімсалқызына ерекше алғыс білдірді.