«Азаматтық құқықтары мен міндеттері және гендерлік теңдік»
2024 жылдың 22 қазанында «ТДМ 5. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту» аясында және студентердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында №17 Студенттер үйінде «Азаматтық құқықтары мен міндеттері және гендерлік теңдік» атты кездесу өтті. Кездесуге ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының қызметкерлері ІІО құқық қорғау қызметі басқармасы кафедрасының бастығы, қауымдастырылған профессор, ІІО құқық қорғау қызметі полициясының полковнигі М.Б. Токсанова, ІІО құқық қорғау қызметі басқармасы кафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры Т.Д. Тилеуканова қатысып, студент жастардың құқықтары мен міндеттері туралы біршама ақпарат берді. Факультетте қыз балалардың көп болуына байланысты аруларымыздың қоғамдағы орны, қоғамдық ортада өзін қалай ұстау керектігі, құқықтары туралы кеңес беріп өтті. Кездесуді ұйымдастырушылар ф.ғ.к., доцент Ж.О. Мамбетов, ф.ғ.к., аға оқытушы, запастағы полиция полковник С.Б. Тлеубаев, факультеттің аға кураторы, аға оқытушы Ш.А. Шортанбай, қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға кураторы, ф.ғ.к., аға оқытушы Е.К. Карбозов студенттердің Жаңа Қазақстанның болашағы екенін түсіндіріп, олардыңм ең басты міндеті - уақытты тиімді пайдаланып, білім алу керек екені туралы пікірлерін білдірді. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толымды жауап алды. Кеш соңында студенттер мен қонақтар естелік суретке түсті.