Қазақстанның БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) ілгерілетудегі рөлі
2024 жылғы 23 қазанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан Республикасы күніне орай 3-курс студенттері арасында дебаттар өтті. Талқылау тақырыбы «Қазақстанның БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) ілгерілетудегі рөлі» болды.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – т.ғ.д., профессор Г.А. Мовкебаева, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі, доцент, PhD Г.С. Байқушықова, сондай-ақ 1-курс магистранттары С.З. Ханалиева мен М.Д. Тюлюкина. Дебат барысында студенттер Қазақстанның ТДМ жүзеге асырудағы негізгі жетістіктерін және елдің тәуелсіздік жылдарында халықаралық аренадағы рөлін талқылады.
Студенттердің белсенді қатысуы мен қызығушылығы және өз ұстанымдарын дәлелді түрде қорғау қабілеті мазмұнды әрі динамикалық талқылауға ықпал етті. Дебаттар Қазақстанның ТДМ ілгерілету саласындағы күшті жақтарын ғана емес, сонымен қатар пікірлер мен жаңа идеялар алмасу алаңына айналды.