ҚазҰУ-ға Сиань университетінің делегациясы келді
Философия және саясаттану факультетіне Сиань университеті заң факультетінің деканы Венхуа Шан келді.
Кездесуде білім беру және ғылыми ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Философия және саясаттану факультетінің деканы Әлия Масалимова қонақтарды факультет қызметімен, бірлескен білім бағдарламалары мен зерттеу жобаларының болашағымен таныстырды.
Кездесуге Сиань университеті заң факультетінің деканы Венхуа Шан, халықаралық білім беру факультетінің деканы Юсиа Сон, Сиань университетінің Білім беру департаментінің директоры Ихуа Джиа, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бағдарламалар үйлестірушісі Сяо Ян, Заң факультетінің деканының орынбасары Ваньян Ли, Орталық Азиядағы Құқық бөлімінің және Жібек жолы институтының салыстырмалы және халықаралық құқық институының директоры Ушурова С.Р. қатысты. Кездесу соңында тараптар көтерілген бастамаларды қолдауға және кеңейтілген ынтымақтастық түрінде жұмыс істеуге келісті.
Философия және саясаттану факультеті