«Менің сүйікті жазушым - Абай Құнанбаев»

21 қазан, 2024

«Менің сүйікті жазушым - Абай Құнанбаев» тақырыбында тыңдаушылар арасында өздерінің сүйіп оқитын шығармалары туралы пікір алмасу бағытында іс шара өтті. Шараның мақсаты -  Университет қабырғасында білім алып жүрген тыңдаушыларды  өз ойларын ашық айтуға, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, өз ортасында өзін еркін ұстауға үйрету. Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған, оларды қазақ тіліне аударған. Абай Құнанбаевтың бірнеше тілге аударылған еңбектерімен тыңдаушыларды жақынырақ таныстыру мақсатында іс шара өтті.