«Сапалы білім» ТДМ аясында парсы тілінің республикалық білім жетілдіру курсы басталды

24 қазан, 2024

2024 жылдың 21 қазанынан бастап Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің ұйымдастыруымен тұрақты даму мақсаттарының «Сапалы білім» тармағы аясында «Парсы тіліндегі мәтінді редакциялау» тақырыбымен республикалық парсы тілінің онлайн білім жетілдіру курсы басталды. Курсты кафедраның Иран Ислам Республикасының Рафсанджан қаласындағы Вали Аср университетінен келген ерікті ұстазы, филосфия докторы (PhD), көне иран тілдері  мен мәдениетінің білікті маманы Фахима Шакиба ханым жүргізеді. Курсқа оқытушылар, магистранттар, докторанттар және парсы тілін меңгерген әртүрлі салада жұмыс істейтін мамандар қатысуда. Курс соңында сертификат беріледі.