- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шығыстану факультетінде «Гендерлік теңдік» ТДМ аясында Гранд-Мастер С.О. Канның дәрісі өтті
Шығыстану факультетінде «Гендерлік теңдік» ТДМ аясында Гранд-Мастер С.О. Канның дәрісі өтті
2024 жылдың 24 қазанында шығыстану факультетінде Қазақстан корейлері қауымдастығы Президиумының мүшесі, Қазақ спорт және туризм академиясының профессоры, таэквондодан Азия және әлем бойынша абсолютті чемпионы, 8-ші дан иегері – Гранд-Мастер Кан Светлана Олеговнаның дәрісі өтті. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары аясында өткен дәріс гендерлік теңдікке қол жеткізу және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтарын кеңейту тақырыбына арналды.
"Қауіпті өз бақылауыңа ал" тақырыбы кездейсоқ таңдалған жоқ. Светлана Олеговна өмірлік қиын сынақтардан өтіп, табандылық пен қиындықтарды жеңуге үйренгеннен кейін спортқа келген. Бұл тәжірибе оны таэквондо жолына бағыттап, Гранд-Мастер атағына жеткізді. Өз дәрісінде ол жеке күрес тарихтарымен бөлісіп, спорт оған күш пен сенімділік бергенін айтты.
"Біз кез келген қауіпті өз бақылауымызға алуға үйренуіміз керек, мейлі ол физикалық қауіп немесе әлеуметтік қысым болсын. Гендерлік теңдік ішкі сенімділік пен құқықтарды қорғауға дайындықтан басталады", – деп атап өткен еді Гранд-мастер Кан.
Дәріс студенттер мен оқытушылар арасында үлкен қызығушылық тудырып, гендерлік теңдікті ілгерілетуге бағытталған білім беру бастамаларының маңызды кезеңі болды. Дәріс аяқталғаннан кейін студенттер спорт пен өзін-өзі қорғау, сондай-ақ Светлана Олеговнаның жеке жолы туралы көптеген қызықты сұрақтар қойды. Сұрақтар мотивация, қорқыныш, қиындықты жеңу, сонымен қатар әйелдердің спорт және қоғамдағы рөліне қатысты болды. Осы сұрақтарға жауаптар шараның шабыттандыратын қорытындысына айналып, жастарды өз-өздерін жетілдіруге және құқықтары үшін күресуге ұмтылдырды.