Халықаралық қатынастар факультетінің белсенділері БҰҰ Күнін және алда келе жатқан Қазақстан Республикасының Күнін атап өтті.

25 қазан, 2024

2024 жылдың 24 қазанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің халықаралық қатынастар факультетіндегі БҰҰ туралы ақпарат беретін академиялық аймақтық ресурстық орталық БҰҰ Күніне арналған онкүндіктің, ҚазҰУ-дың UNAI жаһандық хабы ретіндегі 10 жылдығының және университеттің 90 жылдығының қорытынды конференциясын ұйымдастырды. Қатысушылар сонымен қатар алдағы Қазақстан Республикасының Күні мерекесінің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара Алматы қаласындағы БҰҰ Ғимаратында БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің қолдауымен өтті. Іс-шара барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мырзаның үндеуі көрсетіліп, қонақтар мен қатысушылар сөз сөйледі.

Негізгі спикер ретінде Алматы қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулы Еврен Мудеррисоғлу БҰҰ-ның қызметі, Түркияның рөлі, тұрақты даму мақсаттары және оларды жүзеге асыру үшін елдер арасындағы серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.

Алматыдағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі Властимил Самек БҰҰ-ның бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудағы, соның ішінде ядролық қаруды қолдануды шектеудегі негізгі рөлі туралы айтты.

Орталық Азиядағы БҰҰ БЖКБ-ның азаматтығы жоқтық мәселелері жөніндегі қызметкері Сержиу Гайна азаматтығы жоқ адамдар мәселесін шешу жөніндегі ұйымның жұмысы туралы айтып берді.

Орталықтың белсенділері ҚазҰУ-дың UNAI жаһандық хабы ретіндегі қызметі мен Академиялық аймақтық ресурстық орталықтың жұмысы туралы деректі фильм ұсынды.

Іс-шара аясында бірінші курс студенттері “Дос-Мұқасан” тобының “Қуанышым менің” әніне түсірілген музыкалық бейнероликті таныстырды. Бейнеролик Қазақстан Республикасының күніне және елдің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаудағы рөліне арналған.

Студенттер сонымен қатар БҰҰ аясындағы өзгерістерге ғана емес, халықаралық қатынастардағы жалпы өзгерістерге қатысты ойларымен бөлісті. Іс-шараның соңғы сессияларының бірі ретінде бейбітшілік, 17 ТДМ және БҰҰ қызметі тақырыбындағы сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара интерактивті пікірталас сессиясымен аяқталды, онда шақырылған спикерлермен тұрақты даму мақсаттары, олардың болашақта жүзеге асырылуы және халықаралық қатынастар саласындағы жас ұрпақтың рөлі талқыланды.

Іс-шараның жауаптылары: Делова Лейла Федоровна және Орталық белсенділері.