Менің Қазақстаным – менің болашағым
24 қазан 2024 жылы «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті Ж.З. Оралбаеваның және «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты А.З. Арыстамбаеваның ұйымдастыруымен «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерімен «Барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығына өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыру» 4-ТДМ аясында 25-қазан Республика күніне арналған «Менің Қазақстаным – менің болашағым» тақырыбында кураторлық сағат өтті.
Кураторлық сағаттың мақсаты: Студенттердің туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, еліміздің мұрасын жалғастырушы азамат болуға үндеу.
Кураторлық сағатта әрқайсымыз қоғамдық өмірге араласу, ғылым мен технологияның дамуын қолдау, қоршаған ортаға қамқорлық жасау және әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысу арқылы Қазақстанның болашағына өз үлесімізді қоса алатындығымыз бойынша студенттер өз пікірлерімен бөлісті.
Ұйымдастырушылар Студенттерді үздіксіз сапалы білім алу, бірлік пен ынтымақтастық еліміздің болашақтағы табысы мен өркендеуінің кілті екенін негізге алуға шақырды.