Теориядан тәжірибеге: менеджменттің шексіз мүмкіндіктері

26 қазан, 2024

ТДМ-4: «Барлығына сапалы білім беру» 2024 жылдың 8 қазан күні Экономика және бизнес жоғары мектебінің Менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Жумагазиева А.Г. ұйымдастыруымен БҰҰ бекіткен «17 тұрақты даму мақсаттары» мақсаты бойынша «Квест ойыны» өткізілді.  

Іс-шараның мақсаты - студенттердің менеджмент пәні бойынша алған білімдерін квест ойыны арқылы бекіту, жан-жақты және сапалы білім беруді қамтамасыз ету.

Іс-шараға менеджмент, экономика, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарының 2-курс студенттері үлкен белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты.