Салауатты өмір салты-қоғам денсаулығы

26 қазан, 2024

«Тұрақты даму және әл ауқат» ТМД-3 мақсатына сәйкес  «Салауатты өмір салты-қоғам денсаулығы»  атты тақырыптың негізінде 2024 жылдың 20-шы қазан күні «Экономика» БББ студенттері тауға шығып келді.

Осы жобалардың негізінде студенттер Медеуге шығып, салауатты өмір салтының маңызын түсіну үшін тауға көтерілді. Физикалық белсенділікке деген қызығушылықты арттырып, табиғат аясында денсаулықты нығайту жолдары айқындалды. Тауға көтерілу арқылы қатысушылар дене төзімділігін арттырып, топпен бірге жұмыс істеу дағдыларын жетілдірді.

Нәтижесінде, студенттерге физикалық белсенділіктің денсаулыққа тигізетін пайдасы және табиғатпен тығыз байланыста болудың маңыздылығы түсіндірілді.