- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақ мемлекеттілігінің тарихи мәселелері: Алтын ордадан бастап Қазақ мемлекетінің қазіргі кезеңге дейін» дөңгелек үстел
«Қазақ мемлекеттілігінің тарихи мәселелері: Алтын ордадан бастап Қазақ мемлекетінің қазіргі кезеңге дейін» дөңгелек үстел
Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында Республика күніне орай Қазақ хандығының түп қазығы болған Жошы ұлысының 800 жылдығына аясында «Қазақ мемлекеттілігінің тарихи мәселелері: Алтын ордадан бастап Қазақ мемлекетінің қазіргі кезеңге дейін» тарихына арналған дөңгелек үстел және Ұлттық теңгемізге арналған тақырыптық ашық қор көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.
Көрме аясында ұйымдастырылған бас қосу да «Атамекен» орталығы мен Үшқоңыр орта мектеп гимназиясы ұжымының ұйымдастыруымен Қарасай ауданының мектептерінің тарих пәні ұстаздары қатысуымен «Тәуелсіздік алғалы Қазақстан республикасының тарих ғылымындағы басым мақсаттармен, басты үдерістер жайында» сөз қоғалды. Дөңгелек үстелде ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Берекет Бақытжанұлы мен кафедраның аға оқытушысы, тарих ғылымының кандидаты Еділ Ноянұлы «Қазақ тарихының өткені мен келер шағы» тақырыптарын қамтитын мәселелерді өскелең ұрпаққа жеткізу, оны насихаттауды мұрат етіп қойылған тақырыптар талқыланды.
Шараға қонақ болып қатысқан СДУ университетінің 3 курс студенттері тақырып аясында қозғалған мәселелер төңірегінде өз сауалдарын қойып, лайықты жауап алысып. сұқбат түрінде бас қосу жиыны қызықты өтті. Көпшілік аталған көрмені «Атамекен» орталығына келіп, көрме залынан көріп тамашалауына болады.