Дәстүр мен жаңашылдық

18 қазан, 2024

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №4 "Сапалы білім" бағыты аясында тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қалыш Боранбайұлы №10 жатақханада "Дәстүр мен жаңашылдық" тақырыбында дәріс оқыды.

Аманжол Қалыш Боранбайұлы, тарих ғылымдарының докторы және профессор, №10 жатаханада "Дәстүр мен жаңашылдық" тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс 1-4 курс студенттерінің қатысуымен өтіп, қазақ мәдениетінің дәстүрлері мен қазіргі заманғы жаңашылдықтардың өзара байланысын тереңінен талқылауға мүмкіндік берді. Профессор тарихи деректер мен нақты мысалдарды пайдалана отырып, дәстүрдің қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті. Студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, белсенді диалогқа қатысты. Интерактивті формат жастардың танымдық қызығушылығын арттырып, мәдениетке деген көзқарастарын кеңейтті. Профессор студенттерді өз бетімен зерттеу жүргізуге ынталандырып, әдебиеттер тізімін ұсынып, білімдерін тереңдету жолдарын көрсетті. Дәрістің нәтижесінде қатысушылар қазақ мәдениетіндегі дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімділігін жақсы түсініп, жаңа біліммен оралды.