Спорттағы заңнамалық реформалар: Қазақстанда кәсіби және бұқаралық спорттыдамытуды ынталандыру

28 қазан, 2024

2024 жылдың 23 қазанында Халықаралық қатынастар факультетінің «Дипломатиялық аударма» кафедрасының Мәдениетаралық коммуникация орталығында «Спорттағы заңнамалық реформалар: Қазақстанда кәсіби және бұқаралық спортты дамытуды ынталандыру» Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы аясында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Аударма ісі» мамандығының 1 курс студенттерімен ұйымдастырылып, Қазақстандағы спорт саласындағы заңнамалық бастамаларға қатысты өзекті мәселелерді талқылауды көздеді.
Студенттер Мемлекет басшысының Жолдауының заңнамалық реформаларға қатысты негізгі аспектілерімен таныстырды. Спорттық инфрақұрылымды жақсарту, қаржыландыруды ұлғайту, жастарды спортқа тарту үшін жағдай жасауға бағытталған негізгі бастамалар талқыланды.

Дөңгелек үстел студенттері спорт ұйымдарына салықтық жеңілдіктер, спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсету бағдарламалары, сондай-ақ кәсіби спортшыларды даярлаудың негізі ретінде бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығы сияқты кәсіби спортты дамытудың мүмкін болатын ынталандыруларын талқылады.


Дөңгелек үстел белсенді пікір және идеялар алмасуға қолайлы сындарлы атмосферада өтті. Студенттер талқыланған мәселелерге қызығушылық танытып, спорт саласындағы заңнамалық бастамаларды жетілдіру бойынша құнды ұсыныстарын айтты. Іс-шара Қазақстандағы спорт инфрақұрылымы мен мәдениетін табысты дамыту үшін барлық мүдделі тараптардың бірлескен күш-жігерінің маңыздылығы туралы жалпы қорытындымен аяқталды.